Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не істеп жатырсың": Bek Air ұшқыштарының апат алдындағы соңғы сөздері жария болды

Опубликовано:

Алматы түбінде құлаған Bek Air әуе кемесі ұшқыштарының апат алдындағы соңғы сөздері жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/bek_air_official
Фото: instagram.com/bek_air_official: UGC

Алматыдағы әуе апатының себебін анықтау мақсатында құрылған арнайы комиссия ұшақтың әуеге көтерілгеннен кейін жан-жаққа қисайғанын мәлім етті. Нәтижесінде лайнердің сол қанаты жерге тиген.

Жерден көтерілген соң 10 секундтан кейін екінші пилот қозғалтқыштардың жұмыс режимін баяулатып, ұшуды тоқтатуға тырысқан. Алайда, кейіннен қозғалтқыштардың қуаты қайтадан артып, лайнер ұшуын жалғастырған.

"7.20.53 – ұшақ оңға қарай қисая бастаған – командир "не болды" деп сұрайды.
7.20.54 – екінші ұшқыш "білмеймін, стабилизатор баяулап жатыр, мен осы жерде төмен түсемін" (ары қарай былапыт сөздер айтылады). Шамасы, осы сәтте екінші ұшқыш қозғалтқыш жұмысын баяулатады.
7.20.57 – командир оның әрекетіне байланысты "Керек емес. Не істеп жатырсың?" деп айтады. Шамасы, осы кезде командир тетіктерді ұшу режиміне ауыстырып, "Кеттік, кеттік" дейді.
7.21.04 – командир шассиді алып тастауға бұйрық береді. Содан кейін әуе кемесі бірнеше рет ұшу жолағына тиеді – 6 рет құйрығымен, 4 рет шассимен және 1 рет қанатымен", – деп атап өтті комиссия жетекшісі Роман Скляр.

Айта кетейік, Bek Air ұшағының апатқа ұшырау себебінің негізгі нұсқасы аталды.

Сонымен қатар, арнайы комиссия жұмыстың алғашқы қорытындыларын жариялай отырып, Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерінің заңсыз берілуіне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835603-ne-istep-zatyrsy-bek-air-skystaryny-apat-aldyndagy-sogy-szderi-zaria-boldy/

pixel