"Ұятсыз видео көреді": Күйеуінің телефонын тексерген әйел ағынан жарылды
Опубликовано:
Күйеуінің телефонын ақтарған жүкті келіншек күтпеген жағдайға куә болды. Оның сөзінше, күйеуі күнделікті ұятсыз видеолар көреді. Одан бөлек, жалаңаш қыздарды да назардан тыс қалдырмайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұбайының бұл қылығынан есеңгіреп қалған келіншек Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" тобында сырын ақтарды.
"Тұрмысқа шыққаныма 1 жыл болды. Аяғым ауыр. Кеше күйеуімнің ұялы телефонын ақтарып жатып, Google-парақшаларын қарадым. Күнде мен жұмысқа кеткенде 2-3 рет ұятсыз видео көреді екен. Неше түрлі жалаңаш қыздардың да суреттерін қарап отыратын болып шықты",- деп баяндады келіншек.
Оның сөзінше, жары екеуі төсекте екі аптада бір рет қана қосылады екен.
"Ішімнен неге олай деп ойлайтынмын. Енді түсінген сияқтымын. Бір түрлі болып тұрмын. Есімнен шықпай қалды", -деді ол.
Енді келіншек күйеуінді айтуға оқталып жүр.
Айта кетейік, осыған дейін құрбысының бұрынғы жігітімен төсектес болып қойған ару елден кеңес сұрады.
Бойжеткеннің сөзінше, жігіт пен құрбысы қазір ешқандай ара-қатынаста емес.
"Мен де оның досының бұрынғы қызымын. Нағыз Санта-Барбара. Төсек қатынасы екеумізге де ұнайды, ол маған интим үшін жасырын кездесуді ұсынды. Маған сіздердің ақыл-кеңестеріңіз қажет. Таспен атқыламай, расында не істеу қажеттігін айтсаңыздар",- деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835963-atsyz-video-kredi-kjeuini-telefonyn-teksergen-jel-agynan-zaryldy/