Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Белгілі қазақстандық кәсіпкер Испанияда қайтыс болды

Опубликовано:

Испанияда қазақстандық кәсіпкер әрі Словакияның экс-құрметті консулы Марат Сабалақов қайтыс болды. Аталған ақпарат испаниялық БАҚ беттерінде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Сабалақов. Құрметті консулдың баспасөз қызметі/ dvesti.kz, diarioinformacion.com
Марат Сабалақов. Құрметті консулдың баспасөз қызметі/ dvesti.kz, diarioinformacion.com: Depositphotos

Шетелдік журналистердің хабарлауынша, бизнесменнің денесі испаниялық вилла аумағындағы бақтан табылған. Сабалақовтың өліміне не себеп болғанын анықтау үшін оның денесі Аликанте қаласында орналасқан Заң медицинасы институтына жолданды. Онда мамандар мәйітті ашып, бірнеше сараптама жүргізеді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың ақпаратына сәйкес, ведомствоға Қазақстан азаматы туралы ақпарат Испания полициясынан түскен. Қазіргі уақытта оқиға орнына істің мән-жайын анықтайтын консул аттанған.

Сондай-ақ, БАҚ беттерінде марқұмның инвестициялық топтың иесі және рантье болғаны хабарланды.

Сабалақов 2015 жылы Словакияның құрметті консулы атанды. Өз қызметінде кәсіпкер Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынасты жақсартуы қажет болған.

Оның құзыретіне экономика, сауда, мәдениет, ғылым және білім саласындағы өзара қарым-қатынастар кірді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Каирде Қазақстанның Мысырдағы дипломатиялық өкілдік қызметкері Еламан Жолдасов жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне марқұмның әпкесі хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836406-bak-belgili-kazakstandyk-ksipker-ispaniada-kajtys-boldy/

pixel