Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызына үй тапсырмасын жасауға көмектескен ер адам қатерлі дертке шалдыққанын білген

Опубликовано:

Англияның Ипсуич қаласының тұрғыны қызына үй тапсырмасын жасауға көмектесіп, өзінің ауыр дертке шалдыққанын байқаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta-ға сілтеме жасап.

үй тапсырмасы әкесін құтқарды
Фото: lenta.ru: UGC

Өткен жылдың мамыр айында 43 жастағы Джонатан Дженкин қызы Элиспен бірге биология пәнінен үй тапсырмасын орындаған.

"Ол кеште екеуіміз лимфалық жүйе бойынша тапсырмалар орындадық. Мен оған мектептегі сабаққа дайындалуға көмектестім", - деп есіне алды ер адам.

Бес баласы бар әке лимфа түйіндердің қай жерде орналасқанын өз денесінде көрсетпек болған. Сол сәтте ер адам олардың бірінің шектен тыс ісініп тұрғанын байқапты.

Дженкин тексерістен өтіп, өзінің ауыз қуысының ісігіне шалдыққанын біліпті.

"Биология пәнінен үй тапсырмасын орындаймын деп өлім аузынан аман қалдым. Ісікті дер кезінде анықтағаным үшін қуаныштымын", - дейді көпбалалы әке.

Жазда ер адам радио және химиятерапия емін қабылдады, ал осы жылдың қаңтар айында ол толығымен сауығып шыққан.

"Басымнан өткен жағдайлардан кейін бір ғана кеңес бере аламын: Әрдайым балаларыңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз", - деп түйіндеді Дженкинс.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қос ғашықтың өлім аузында жатқан әкесі үшін некелерін ауруханада қидырғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836436-kyzyna-j-tapsyrmasyn-zasauga-kmektesken-er-adam-katerli-dertke-saldykkanyn-bilgen/

pixel