"225 млн теңге сұрап отыр": "Алтын-Ордадағы" құрылыс неге созылып кетті
Жарияланған күні:
Алматыдағы "Алтын-Орда" базарының жанындағы жол айрығы құрылысының неліктен үш жылға созылып кеткенін "ҚазАвтоЖол" басшысы Ұлан Әліпов түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ InAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.
2017 жылы басталған көлік торабының құрылысы әлі күнге дейін жалғасуда. Жұмыстың созылып кетуіне алғашқы себеп қос жанармай бекетінің иесімен дауласу болып отырр.
Алтын-Ордадағы көлік торабы құрылысы орнында екі жекеменшік жанармай бекеті бар. Иесі нысандардың сүрілуіне берілген 110 млн теңге сомамен келісер емес. Ол 225 млн теңге өтеуді сұрап отыр.
"Осы мәселе бойынша үш рет сот ісі өтті. Сот процестері уақытша тоқтатылды, аталған автожанармай бекетінің нарықтағы құнын бағалайтын сараптамалық комиссия құрылды. "Апорт" сауда орталығы мен "Алтын-Орда" базары құрылыс нысанына кірмейді", - деп түсіндірді Ұлан Тоқтарбайұлы.
Нысанның уақытында берілмеуінің екінші себебі мердігердің қаржылық қиындықтарымен байланысты. Мәселе жобаның 2016 жылғы бағалармен даярлануы болып отыр. Ал бұл жылы құрылыс материалдары айтарлықтай қымбаттап кетті.
"Құрылыс барысында жергілікті тұрғындар мен әкімдік талабы бойынша жобаға қосымша қаражат пен уақыт қажет ететін өзгерістер енгізілді", - дейді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ басқарма төрағасы.
Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығы құрылыс жұмыстарын істеуге мүмкіндік бермей отыр. Мердігермен 6,2 млрд теңге игерілген. Жұмыстар 68 пайызға орындалған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мердігерлерден "Алтын Орда" базарының маңындағы жол айырығына қатысты құрылысты аяқтауды талап еткенін хабарлаған едік.
Әкімнің сөзінше, бұл бағытта көлік жүргізген кезде адамдар қиналады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836491-kos-zanarmaj-beketini-iesi-225-mln-tege-srap-otyr-altyn-ordadagy-krylys-nege-sozylyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.