Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік "балгер" алматылық тұрғынды 27 млн теңгеге алдап кеткен

Опубликовано:

Оңтүстік астананың құқық қорғау органдарының қызметкерлері алаяқтық жасады деп күдіктеліп отырған ресейлік әйелге қатысты тергеу жүргізуде. Тергеу нұсқасы бойынша, шетелдік азаматша Алматыға өзін ғаламтор кеңістігінен тауып алған жергілікті тұрғынның шақыртуымен келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғыны Ресейден келген алаяққа "сиқыр" қызметтері үшін 27 млн теңге берген
Фото: Алматы ПД, pixabay.com: UGC

Қазақпараттың полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, жәбірленуші "балгерді" тақырыптық сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп "сиқыр әрекеттерін" жасауды сұраған.

Полицияның мәліметінше, оңтүстік астанаға келген ресейлік әйел адам өзін Салима деп таныстырған.

"Ресейлік 40 жастағы әйел арбау арқылы, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін алып кеткен", - деп хабардар етті полиция департаменті.

Қазіргі уақытта алаяқтыққа күдікті деп танылған ресейлік азаматша уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабының төртінші бөлігіне сәйкес тергеу жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы орталығында ер адам түнгі уақытта әйелдерге шабуылдап, тонаған.

2019 жылы 20 желтоқсан күні қарақшы Желтоқсан-Жамбыл көшелерінің қиылысында түнгі уақытта бір әйелдің жанына барып, оны бопсалап, 236 мың теңгесін тартып алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836574-sikyr-kyzmetteri-sin-resejlik-jelge-27-mln-tege-bergen-almatylyk-jel-san-sogyp-kaldy/

pixel