Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық бизнес өкілдері ауыл оқушыларына 300 миллион теңге инвестиция құйды

Опубликовано:

Отандық бизнес өкілдері – 47 құрылтайшы IQanat білім беру қорын қолдай отырып, адами капиталдың дамуына 300 млн теңге құйды. Бүгін оның қамқорлығында республика бойынша 778 оқушы бар, олар олимпиадалар барысында 35 мың ауылдық жоғары сынып оқушылары арасынан іріктеліп алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: IQanat қоры
Фото: IQanat қоры: Facebook

Қазақстанның үздік ЖОО-ларына ауыл оқушыларының 5-6 пайызы ғана түседі, алайда олар елдегі оқушылардың 52,9 пайызын құрайды. Олар үшін ең үлкен кедергі – әлдеқайда сапалы білім алатын қала мектебінің оқушыларымен бәсекелесу.

IQanat құрылтайшылар кеңесі өз отырыстарында ауыл жастарын қордың бағдарламасымен қамту бойынша стратегия қабылдады.

Фото: IQanat қоры
Фото: IQanat қоры: Facebook

Тек өткен жылдың өзінде IQanat олимпиадасына 162 ауылдың 5200 мектебінен 35 мың тоғызыншы сынып оқушысы қатысты. Оның жеңімпаздары жан-жақты дайындыққа ие болып, үздік отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына грант ұту мүмкіндігіне ие болды.

"Қордың ерекшелігі – кәсіпкерлер балалардың оқу шығынын ғана емес, өзінің өмірлік және бизнес тәжірибесін қолдана отырып, барынша тиімді және бағдарламалық әдістерді ұсынады. Біз ауыл балаларымен білімімізді бөлісіп, мақсатқа жетуге қуат береміз", – дейді Қор құрылтайшысы Айдын Рахимбаев.
Фото: IQanat қоры
Фото: IQanat қоры: Facebook

Асқар Алшынбаев, Серік Түлбасов, Исламбек Салжанов, Ерлан Исекешев, Тимур Турлов, Берік Қаниев, Рамиль Мухоряпов, Бағдат Мусин және өзге де қор құрылтайшылары олимпиаданың облыстық тур жеңімпаздарына өздерінің әдістері бойынша кәсіби қабілетті үйретуге әзір.

Бүгінде Қор білім берудің онлайн платформасымен жұмыс істеп жатыр. Оның көмегі арқылы оқушылар мен тәлімгерлер, серіктестер мен құрылтайшылар өзара қарым-қатынас орнатады. Республикалық олимпиаданың 200 финалисі IQanat High School of Burabay-да білім алады. Жаңа оқу орталығы қыркүйек айында есігін ашпақ.

Фото: IQanat қоры
Фото: IQanat қоры: Facebook

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836738-otandyk-biznes-kilderi-auyl-okusylaryna-300-million-tege-investicia-kjdy/

pixel