Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек сіңірген қайраткер, дәстүрлі әнді дәріптеуші Мейірхан Адамбеков өмірден озды

Опубликовано:

Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың дәстүрлі әнін дәріптеуші Мейірхан Адамбеков дүнеден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мейірхан Адамбеков. Фото: El.kz
Мейірхан Адамбеков. Фото: El.kz: Facebook

Қайғылы хабармен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкен өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

"Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, талантты әнші Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтың 62 жасына қараған шағында дүниеден озғаны туралы xабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Туған-туыстары мен жора-жолдастарына, Арқаның өнер сүйер жұртына қайғырып, көңілімізді білдіреміз. Иманды болыңыз, аға..", – деп жазды аймақ басшысының орынбасары.

Мейірхан Адамбеков 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Томар ауылында туған.

Халық композиторлары Біржан мен Ақан Серінің, Жаяу Мұса мен Мәдидің, Шашубайдың, Естай мен Ғазиздың және т. б. әндерді ұлттық нақышпен орындап, үлкен танымалдыққа ие болған.

Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты. Франция, Швеция, Австрия, Болгария, Голландия, Венгрия, Ресейсияқты елдердің сахналарында дәстүрлі өнерді дәріптеп, қазақтың төл мәдениетін өрге сүйреген азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836749-ebek-siirgen-kajratker-dstrli-ndi-dripteusi-mejirhan-adambekov-mirden-ozdy/

pixel