Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Cұлтанда қылмыстық топ мүшесінің ұсталу сәтінің видеосы жария болды

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің астаналық департаментінің қызметкерлері арнайы күштермен бірлесіп, қылмыстық заңды бұзды деген күдікпен Әзірбайжан азаматын ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҰҚК Нұр-Cұлтандағы қылмыстық топ мүшесін ұстау операциясының видеосын жариялады
Фото: ҚР ҰҚК: UGC

Ведоство баспасөз қызметінде хабарланғандай, осы жылдың 5 қаңтарында Әзірбайжан азаматын ТҚҚ қаржыландырған күдікті ұсталды.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталған азамат Түркиядағы ұйымның көшбасшыларына ақша жіберіп тұрған.

ҰҚК Нұр-Cұлтандағы қылмыстық топ мүшесін ұстау операциясының видеосын жариялады
Фото: ҚР ҰҚК: UGC

ҚР ҰҚКД баспасөз қызметінде трансұлттық қылмыстық қоғамдастық басшылығына аударылған ақша кәсіпкерлерді бопсалау арқылы алынғанын атап өтті.

Қазіргі таңда ұсталған азамат қамауға алынды, тергеу жалғасуда.

Ведомствода атап өтілгендей, Әзірбайжан азаматы мүшесі болған қылмыстық топтың көшбасшысы өткен жылдың 10 қыркүйегінде құрықталды.

ҰҚК Нұр-Cұлтандағы қылмыстық топ мүшесін ұстау операциясының видеосын жариялады
Фото: ҚР ҰҚК: UGC

Ол кезде күштік құрылым арнайы операцияның видеоролигін көрсеткен еді. Көшбасшымен бірге топтың тағы бір мүшесі ұсталды.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері ұсталғанын хабарлаған едік.

Қазақстан ішкі істер министрлігі қалалық аурухананың бас дәрігері 18 қараша күні ұсталғанын хабарлады.

Тергеу дәрігер бүйректерді алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз оталар жүргізген деп есептейді.

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837123-nr-cltanda-kylmystyk-top-msesini-stalu-stini-videosy-zaria-boldy/

pixel