Сопыжанов: Алланың атымен ант етемін, шындықты білгенде өкінесіңдер (фото, видео)
Жарияланған күні:
Бүгін Қарағанды сотында алқабилер үш жасар баланы ұрлап, аяусыз өлтірді деп күдіктелген Игентай Сопыжановты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы бірауыздан шешім қабылдаған болатын. NUR.KZ тілшісі сот отырысының қалай өткенін айтып берді.
Сот алқабилердің шешімін қолдап, айыпталушыны қоғам үшін аса қауіпті деп таныды. Осыған орай Игентай Сопыжанов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сопыжанов үшінші рет өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасамас үшін күзет күшейтілді.
Сот үкімі айтылған соң сотталушы ақталуға тырысқандай көрінді.
"Алланыың атымен ант етемін, шындықты білген кезде, бұларың үшін өкінесіңдер", – деді ол.
Сотталушының қандай шындық туралы айтқаны түсініксіз болды.
"Қандай шындық туралы айтып тұр? Бар шындық сотта айтылды. Ол менің баламды өлтірді. Оның орны түрмеде. Өмір бойы отырсын. Анам екеуміз оның өлім жазасына кесілуін тіледік", – дейді Ника Васильева.
Ол сондай-ақ талап еткен сомасы туралы сөз қозғады. Қаза болған баланың анасы Сопыжановтан 10 миллион теңге талап еткен, алайда, бұл сома екі есе қысқартылған.
"Оның жәй ғана колонияда отырғанын қаламаймын. Мемлекет есебінен ішіп-жеп жатқаны дұрыс емес. Менің пробация қызметіне, полицейлерге айтар шағымым бар.
Олар өз жұмысын тиісті деңгейде атқармады. Соның салдарынан осындай жағдай болды. Сопыжанов менің тәтемді өлтіргені үшін колонияда отырып шыққан соң жұмыс істеуі тиіс болған. Бірақ ол жұмыс істемеді", – дейді Ника.
Естеріңізге сала кетейік, Сопыжанов Ники Васильевананың туған әпкесін өлтіргені үшін колониядан мерзімінен бұрын шыққан еді. Ол түрмедегі екі жыл және бір күн жазасын өтеген емес. Сот оның жазасын бас бостандығын шектеу жазасына алмастырды.
Қыркүйек айында Сопыжанов пен Ники Васильева көшеде жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ер адам әйелдің қолындағы үш жасар ұлын тартып алып, қашып кетті.
Қаскөй мен баланы әскерилер, еріктілер мен полиция бірнеше күнге жуық іздестірді.
Полиция Максим Гарифулиннің жансыз денесін 8 қыркүйек күні таңертең анықтады. Қанішер оны аяусыз тұншықтырып, өлтірген.
Сопыжанов қыркүйектің 8-нен 9-на қараған түні вокзалда ұсталды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837155-sopyzanov-allany-atymen-ant-etemin-syndykty-bilgende-kinesider-foto-video/