ІІМ ресейлік нөмірлі автокөлік иелеріне не істеу керектігін түсіндірді
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі Қазақстан аумағында сенімхат арқылы ресейлік нөмірмен автокөлік мініп жүрген азаматтарға не істеу керектігін айтты – оларға бір жылдан кейін елден шығуға тура келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстанда сенімхат арқылы жүрген ресейлік көліктер бойынша жағдай мынадай – заң бойынша олар халықаралық қозғалыс режимінде жүр.
Олар елге кірді, бір жыл ішінде осында бола алады – содан кейін кем дегенде 30 күнге ел аумағынан шығып, сенімхат қызметін ұзартып, қайта кіре алады. Сондай-ақ Ресей немесе Қазақстан аумағында көлікті өз аттарына тіркеулеріне болады", – деп мәлімдеді ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев.
"Ортақ жол" қауымдастығының басшысы Арсен Шакуов Ресейде кәдеге жарату алымы Қазақстаннан бұрын енгізілгенін атап өтті. Айтуынша, сол себепті Ресейден әкелінген автокөліктер «кедендік тазартудан» өткен деп есептеледі және Қазақстанда пайдалануға жарамды
Қазақстандағы барлық шетелдік автокөлік иелері мамандандырылған ХҚКО-ларға, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына жүгініп, көліктерінің сипаттамаларын бағалап, оларды елімізде тіркеуге болатынын немесе кәдеге жаратуға тура келетінін біле алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Армения мен Қырғызстаннан әкелінген автокөліктерді кедендік рәсімдеу тәртібін түсіндірген болатын.
Ал халықаралық инвестициялық компанияның сарапшысы Андрей Чеботарев шетелдік автокөліктерді тізгіндеген қазақстандықтардың темір тұлпарын заң талаптарына сәйкес тіркесе, бюджетке шамамен 300 млрд теңге қаржы түсуі мүмкін екенін жеткізді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837163-iim-resejlik-nmirli-avtoklik-ielerine-ne-isteu-kerektigin-tsindirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.