Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "Олимп" кеңсесі ставкаларды қабылдауды тоқтатты

Опубликовано:

Қазақстанда "Олимп" букмекерлік кеңсесі лицензиясының тоқтатылуына байланысты енді ставкаларды қабылдай алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: bk-stavki.ru
Фото: bk-stavki.ru: Instagram
"2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ лицензияның тоқтатылуына байланысты ставка қабылдай алмайды", - делінген букмекерлік кеңсесінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлағанбыз.

Күштік құрылым ведомствосының баспасөз қызметі мәлім еткендей, букмекерлік кеңсе қажетті лицензиясыз интернет-ресурстар арқылы қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, компанияның ел аумағынан заңсыз ақша шығару жолы кесілді.

Оңтүстік астананың мамандандырылған ауданаралық соты "Олимп" букмекерлік кеңсесінің сауда маркасымен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС-не берілген лицензияны жарты жылға тоқтатуға шешім шығарды.

Кейіннен Алматы прокуратурасы "Олимп" букмекерлік кеңселеріне қатысты тексеріс аяқталғанын, жалпы алғанда, компания 145 млрд теңге салық төлеуге міндеттелгенін мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837250-kazakstanda-olimp-kesesi-stavkalardy-kabyldaudy-toktatty/

pixel