jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қызылордада күйеуін өлтіруге киллер жалдаған келіншек сотталды

    : Depositphotos

    Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін адам жалдаған төрт баланың анасына қатысты сот процесі аяқталды. Әйел адам қылмысқа дайындалғаны үшін кінәлі деп танылып, 7,5 жылға сотталды деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ

    Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

    Кадр Хабар24 арнасынан
    Кадр Хабар24 арнасынан: Depositphotos

    Басылымның мәліметінше, қызылордалық келіншек өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында – бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынына тапсырыс берген.

    Сонымен қатар осы қызметі үшін 20 мың доллар көлемінде сыйақы төлейтін болып келіскен.

    Алайда түркістандық азамат бұрынғы жұбайының көзін жоюға бекінген азаматшаның қылмыстық пиғылын полицейлерге жеткізген.

    Сөйтіп, тәртіп сақшыларының айтуымен киллер өлген кейіп танытқан ер адамның үстіне қан жағылған фотосуретті тапсырыс иесіне жібереді.

    Қылмыстық ойы толық орындалғанына көзі жеткен әйел бұрынғы жарының атына тіркелген мүліктер балаларына мұра ретінде өткесін, киллерге келісілген гонорарын беретінін айтады.

    Осы ретте оны полицейлер қолға түсірді.

    Сот отырысында келіншек жолдасын өлтіргісі келгенін сол күйі мойындамаған.

    Дегенмен сот оны қылмысқа дайындалғаны үшін кінәлі деп танып, оны 7,5 жылға бас бостандығынана айыру туралы шешім шығарған.

    Айта кетсек, айыпталушы мен жәбірленушінің ортақ 4 баласы бар. Сотталушының кәмелетке толмаған қызы енді әкесінің қамқорлығына өтеді. Қалғандары ересек.

    Еске сала кетсек, Қызылорда облысында ақбөкен атып, полиция қызметкерлерінен бой тасалап кетуге әрекет жасаған "Охотзоопром" ӨБ РМҚК 2 қызметкері мен көлік жүргізушісі қолға түскен еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.