Тоқаев Нұр-Сұлтандағы қар тазалау челленджін қолдады
Опубликовано:
Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челлендж бастады. Олар тұрғындарды өз ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырды. Аталған бастаманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан жастарының бастамасын "Базар жоқ" театрының директоры Тұрсынбек Қабатов, журналист Асхат Садырбай және "Назар аудар" театрының қатысушылары қолдап, жазба қалдырған еді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter парақшасында бұл бастаманы қолдайтынын атап өтті.
"Белгілі артист Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама", – деп жазды мемлекет басшысы.
Айта кетейік, құтқарушылар Нұр-Сұлтанда қатты боранның соғуына байланысты елордалықтардың жұмыс күнін қысқартуды сұрады.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, елордада жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Сондай-ақ "Қазгидромет" мамандары Нұр-Сұлтандағы дауылды боран 25 қаңтарға дейін жалғасады деген болжам жасады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837584-tokaev-nr-sltandagy-kar-tazalau-cellendzin-koldady/