Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін-өзі өлтірген жаркенттік келіншектің күйеуі тағы бір кісі өліміне күдікті болып шықты

Опубликовано:

Бірнеше күн бұрын жаркенттік 21 жастағы мұғалімнің өзін-өзі өлтіргені туралы хабар қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Келіншектің ата-анасы оны мұндай қадамға баруға полиция қызметкері болып жұмыс істейтін күйеуі итермелеген деп санайды. Оған дәлел ретінде олар қыздарының қайтыс болуынан аз уақыт бұрын күйеуіне жазған хатын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Время басылымына сілтеме жасап.

Өз-өзіне қол жұмсаған жаркенттік әйелдің күйеуі тағы бір кісі өліміне күдікті болып отыр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бұған дейін хабарланғандай, марқұмның туыстарының айтуынша, күйеуі әйелін әкесі жинаған 13 миллион теңгенің жоғалғалуын өз мойнына алуға мәжбүр еткен. Сонымен қатар, ол сәбилерінен бас тартуды талап етіпті.

Қайғыдан қан жұтқан ата-ана қыздарының жесір күйеуіне қылмыстық жаза тағайындау керек екенін айтып, шырылдауда. Олар кезінде бұл некеге рұқсатын бергендері үшін өкініп отыр.

Жанат Қуанышбаев (марқұмның күйеуі - ред.) бойжеткенді алып қашқан. Олар тойға дейін қыз-жігіт болып кездеспеген екен.

Әкесінің сөзінше, ол қызын алып қашқан үйге барған кезде Гүлмайса өз еркімен келгенін айтыпты. Ол салт-дәстүрге қарсы шыққысы келмейтінін сөз еткен.

Әйелдің анасы да, әкесі де Панфилов ауданындағы полиция қозғаған іс сотқа жетпей қалады, ал полицияда қызмет ететін күйеу баласы жазадан сытылып шығады деп қорқады.

Сондай-ақ, басылым журналистері полиция қызметкерінің 46 жастағы Еділ Ботамбаевтың өліміне қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Марқұмның туыстары осындай мәлімдеме жасады.

Ботамбаевтың әйелі Дариға Ахметованың айтуынша, ол Қуанышбаев екеуі жақын тұрған, бірақ олардың қарым-қатынасын тату-тәтті деп айту қиын болыпты.

Әйелдің сөзіне қарағанда, полиция қызметкері оның күйеуімен ұрысып қалған кезде қызметтік бабын пайдаланып, изоляторға жауып тастай беріпті.

Бірнеше ай бұрын Қуанышбаев Еділді мал жайғызу үшін өз учаскесіне алып кеткен. Біраз уақыттан кейін Ботамбаевтың денесі өзен жағасынан табылған.

Сөздерін растау үшін жесір әйел журналистерге жерлеу алдында түсірілген фотосуретті көрсетті.

Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс ашылып, ол тез арада жабылған. Туыстарына ер адам өз-өзіне қол жұмсады деп айтылыпты.

Сонымен бірге, марқұмның ағасы шындықты өз бетінше іздеуге тырысып, мәйіт табылған жерге барған.

Полицияның мәліметінше, Еділ таудан құлап кеткен, бірақ оның ағасы басқаша ойлайды және тіпті куәгерлерді де тауып қойыпты. Алайда полиция ол айғақтарға мән бермеген.

Енді қайғыдан қан жұтқан екі отбасы да жақындарының қайтыс болуына кінәлі деп күдіктелген адам өз жазасын алады деп үміттенеді.

Материалдарды көшіру және пайдалану "Время басылымы" ЖШС-нің рұқсатымен ғана мүмкін болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837596-zin-zi-ltirgen-zarkenttik-kelinsekti-kjeui-tagy-bir-kisi-limine-kdikti-bolyp-sykty/

pixel