Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасымен жасты әйелге үміткер болып келген атышулы сері жігіт жаға ұстатты (видео)

Опубликовано:

Атышулы "Қалауым Live" бағдарламасының кезекті бөлімі кезінде қызық жағдай орын алды. Желіде өзінен әлдеқайда жасы үлкен әйелдермен қарым-қатынасы туралы айтып танылған жігіт өзінің анасындай келіншектің жүрегін жаулауға келді. Бекзат Жанзақтың үлкен келіншекке үміткер болып келгені өзге қатысушылардың ашуын тудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Аталмыш жобаға өмірлік серігін іздеп келген қатысушы әйелге баласындай жігіт келіп, көпшілікті аң-таң қылды.

Студиядағы қыз-жігіттер шымылдық жабылғанда ел алдына шыққан азаматты көріп жаға ұстады.

Олар қатысушы келіншектен жасы әлдеқайда кіші жігіттің оған келгеніне қатты таңғалған. Бекзат Жанзақтың мұндай қадамы қатысушылар арасында үлкен күмән тудырды.

Бағдарламаның түсірілімі кезінде болғандар жас жігітке жобаға тек пиар үшін келгенін бетіне басып, оны "альфонс" деп балағаттады.

Тіпті, ашуға бой алдырған Жалғас есімді қатысушы үміткердің сөздеріне намыстанып, оған жұдырық ала жүгірген. Жігіттер тікелей эфир барысында төбелесіп қалды.

Айта кетерлігі, қатысушы келіншек ақыр-соңы Бекзаттың жас айырмашылығына қарамастан шымылдықты ашқан. Алайда, олардың таныстығы қалай өрбитіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Бекзат Жанзақ өзінен 12 жас үлкен әйелмен арақатынасы жайлы айтып берген болатын. Ол аталмыш келіншек өзіне қаржылай көмектескенін жасырмады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837661-anasymen-zasty-jelge-mitker-bolyp-kelgen-atysuly-seri-zigit-zaga-statty-video/

pixel