Өлімге әкелетін вирус: Уханьда қалған қазақстандық студенттер елге қайта ала ма
Жарияланған күні:
Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин әлемдегі коронавирус жайлы айта келе, үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Қазір аталған қалада қауіпті вирустан 80 адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бас сандәрігердің сөзінше, үкіметте эвакуациялау мәселесі белсенді түрді пысықталып жатыр. Шешім жақын арада белгілі болады.
Жалпы алғанда министрлік Қытайдан келген жолаушыларға қатысты ауқымды жұмыс атқаруда. Даярланған алгоритмге сәйкес, аймақтық медициналық ұйымдарға барлық келгендердің тізімі беріледі. Ал жергілікті медициналық қызметкерлер оларға 14 күн, яғни, инкубациялық кезең бойы бақылау жүргізеді.
Денсаулық сақтау министрлігі халықты коронавирусқа қатысты ақпаратпен күнделікті хабарландырып отыруға ниетті. Қазмедиа орталығының 15-студия алаңында әуежайлар мен шекарадағы көлікті өткізу пункттерінде мониторингтік жұмыстар қалай жүргізіліп жатқаны айтылып отырады.
Еліміздің емдеу орындарын медициналық дәрі-дәрмектермен жабдықтау алгоритмі де әзірленді, толық медициналық көмек көрсету үшін жұқпалы стационарларға 6 мың төсек қойылды. Ал эпидемиологиялық жағдай қажет етсе, алдағы емдеуге жатқызу үшін қосымша 4780 төсек орын қамтамасыз етіледі.
Бекшиннің мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта медициналық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға, сондай-ақ диагностикалық материалдарға деген қажеттілік есептелді.
Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Бекшин вирус тараған қалада 94 қазақстандық бар екенін мәлімдеді. Олар азық-түлікпен, медициналық қызметпен және басқа барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, студенттерге Қытай жоғары оқу орындарының басшылары бекітілді.
Айта кетейік, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838077-limge-keletin-virus-uhanda-kalgan-kazakstandyk-studentter-elge-kajta-ala-ma/