Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан билігі Қытайдағы студенттер үшін арнайы ұшақ жібермек

Жарияланған күні:

Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев үкіметтегі баспасөз конференциясы кезінде қытайлық Ухань қаласынан қазақстандық студенттерді қайтарып алу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан билігі Қытайдағы студенттерді қайтару үшін арнайы ұшақ жібермек
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Нұрышев кеше Қытай сыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломаттарға арналған брифинг өткенін, оның барысында қытай билігі олардың аумағында болып жатқан жағдай туралы айтқанын хабарлады.

"Әрине, олар барлығы ойдағыдай екенін, барлық қажетті шаралардың қолданылғанын айтты", - деді спикер.

Сонымен қатар, оның сөзінше, қытайлық тарап барлық адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша қалдыруды өтінген. Осылайша Қытай вирустың таралуын азайтпақ.

"Алайда, сондай-ақ, олар шетелдерден жедел сұрау түскен жағдайда, осы елдердің азаматтарын эвакуациялау және кету мәселесін қарастыруға дайын екендерін айтты", - деп толықтырды Нұрышев.

Оның сөзінше, қазақстандық тарап қажетті өтінім жіберген және біздің 98 студентімізді Уханьнан эвакуациялау мәселесі қарастырылуда.

"Біз студенттермен телефон арқылы сөйлесіп жатырмыз және қалаған адамдардың санына байланысты арнайы бортты жіберу мәселесін қарастырамыз. Дипломатиялық рұқсат алу туралы Қытаймен келіссөздер жүргізілуде", - деп түйіндеді Нұрышев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық келіншек Ухань қаласында пайда болған жаңа коронавирустың емін тапқанын айтты.

Бейне Қаржаубаева ғаламды алаңдатқан дерттен жыланның уы арқылы айығуға болады деген мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, Қытайдың Пекин қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген кішкентай қыздың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838172-kazakstan-biligi-kytajdagy-studentter-sin-arnajy-sak-zibermek/