Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақ түтек боран: Желіде мұзға оранса да жұмыс істеп жүрген полицейдің суреті пайда болды

Опубликовано:

Қазақстанның кей аймақтарында ақ түтек боран мен дауылды жел басылмай, республикалық тас жолдарда келеңсіз жағдайлар туғызып жатыр. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тәртіп сақшылары қаладан тыс аймақтарда көмекке мұқтаж болған жандарды іздеумен айналысуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо
Дамир Құдайберген. Фото: polisia.kz: Facebook

Қатты аяз бен қардың көп жаууының салдарынан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз жұмысын атқару оңайға соғып жатқан жоқ.

Алайда олар үсіп кетудің сәл-ақ алдында жүрсе де, өздерінің борышын орындауда.

Осы орайда, «Теміртау-Қарағанды» тас жолында тәртіп сақшылары үскірік аязда қалған 40 шақты адамды құтқарып қалған.

Полицейлер жүргізушілері мен жолаушыларына көмек қажет болған 12 автокөлікті күтіп алған. Барлық адам эвакуацияланып, көліктерді трассада қалдыруға тура келіпті.

оооооооо
Фото: polisia.kz: Facebook

Полиция қызметкерлерінің бірі Дамир Құдайберген төмен ауа температурасы мен қатты соққан желге, дауыл мен боранға қарамастан, өзінің және әріптестерінің "позитивті күйді" жоғалтпайтынын айтты.

Бүгінгі күні, 28 қаңтарда Қарағанды жолдарында 26 автокөлік соқтығысып қалған. Бақытымызға орай, жол-көлік апатынан ешкім зардап шекпеген және қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы Polisia.kz сайтында белгілі болды.

Тәртіп сақшылары ел азаматтарын қала сыртына саяхаттап немесе басқа да себептермен шығудан бас тартуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838292-ak-ttek-boran-zelide-mzga-oransa-da-zmys-istep-zrgen-policejdi-sureti-pajda-boldy/

pixel