Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев Құлжа трактісіндегі айналма жол қолданысқа қашан берілетінін айтты

Опубликовано:

Бұқтырма көшесінің Құлжа трактімен қиылысындағы айналма жол 2021 жылы желтоқсанда пайдалануға беріледі деп уәде берді әкім деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Сағынтаев Құлжын трактісіндегі айналма жолдың қолданысқа қашан берілетінін айтты
Фото: NUR.KZ және Pixabay: Depositphotos

Бұған дейін құрылыс 2022 жылдың ақпанында аяқталады деп жоспарланған. Оңтүстік астана әкімінің пікірінше, нысанды қолданысқа еретек беруге болады.

Мамандардың ойынша, жаңа айналма жол Алматының солтүстік-шығысын біршама босатуы керек.

Әкім өткен жылы бюджеттен қаржы бөлінгенін еске салды. Сағынтаевтың сөзінше, нысанды өткізу мерзімі келесі жылдың желтоқсанына дейін белгіленген. Ол бюджеттен тағы да қандай да бір қаражаттың бөлінуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Сонымен қатар, кеңес барысында қала басшысы өзге де тақырыптарды қозғады.

Айта кету керек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың медициналық мекемесіне тексеріс жүргізді.

Қала әкімі ауруханалар мен емханалардың міндетті медициналық сақтандыру жағдайында қалай жұмыс істейтіндігі, азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын тексерді.

Медициналық мекемелерді аралағаннан кейін, әкім алматылықтарға медициналық сақтандыру мәселесін кейінге қалдырмау керектігін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, Сағынтаев пен Шымкенттің су жаңа әкімі елордаға пойызбен жеткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838567-sagyntaev-klza-traktisindegi-ajnalma-zol-koldanyska-kasan-beriletinin-ajtty/

pixel