Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағайда "жедел жәрдем" жүргізушілері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

Жарияланған күні:

Полицейлер Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырған екі адам түскені жайлы жалған ақпарат таратқан азаматтарды қолға түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Қос азамат хабарламаны Whatsapp арқылы 28 қаңтар күні таратқан. Ақпарат расталмағандықтан, полиция қызметкерлері қауесет авторларын іздестіре бастады.

Нәтижесінде жалған мәліметті таратқандар "жедел жәрдем" жүргізушілері болып шықты. Олар Қапшағай қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір тәртіп сақшылары азаматтардың әрекетіне не себеп болғанын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүргізушілер жалған мәлімет таратқаны үшін жазаға тартылуы мүмкін.

Күдіктілерге "келу туралы міндеттеме" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Cоңғы мәліметтер бойынша, аспан асты елінде коронавирустан қаза тапқандардың саны 170 адамға жетті.

Өлімге әкелетін коронавирусты жұқтырған науқастардың тез өсуіне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс өткізу туралы шешім қабылдады.

Ал 3 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты Қытаймен әуе қатынасы тоқтатылады. Осылайша, Қазақстан билігі аурудың республика аумағында таралуын алдын алуды көздеп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838606-kapsagajda-zedel-zrdem-zrgizusileri-koronavirus-zajly-zalgan-akparat-taratkan/