Қостанайда 22 қызды ұрлап, секс-құлдықта ұстаған қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жарияланған күні:
Қыздарды жезөкшелікке тарту арқылы заңсыз кіріс алып отырды деп айыпталған алты қазақстандық сот алдына келді. Ұйымдасқан қылмыстық топ ұзақ уақыт, нақты айтқанда, бес жылға жуық "жұмыс істеген" деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сотталушылар орындығында Шакмаев, Фабрициус, Асқарова, Киструга мен Меңдібаев.
Жоғарыда аталған тұлғалар 2013 жылдың көктемінен 2018 жылдың көктеміне дейін қазақстандық қыздарды секс-қызметтер нарығына тартумен айналысқан.
Бойжеткендер көңіл көтеру орындарында жұмыс істеген.
Одан бөлек, сотта Шакмаевтың өзі мен Ұйымдасқан қылмыстық топқа табыс әкелу үшін 22 қазақстандық қызды секс-құлдықта ұстағаны анықталды. Олардың қатарына кәмелеттік жасқа толмағандар да бар.
Топ мүшелері қыздарды ұрып, азаптаған. Олар бойжеткендерді Қостанайдағы жалдамалы пәтерлер мен үйлерде ұстаған.
Отырыс барысында сотталушылар кінәсін ішінара мойындады. Оны дәлелдеу де мүмкін болған.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, үкім шығару кезінде жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескерілді.
Нәтижесінде, Шакмаев 15 жылға, Фабрициус, Андреев пен Меңдібаев 14 жылға, ал Киструга мен Асқарова 14,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда секс-құлдыққа қатысты іс қаралып жатқанын, айыпталушылардың бес адам екенін хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838616-kostanajda-22-kyzdy-rlap-seks-kldykta-stagan-kylmystyk-top-mseleri-sottaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.