Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұсынбаймын": Диетолог-дәрігер қызанақты кімдерге жеуге болмайтынын айтып берді

Опубликовано:

Қызанақтарды күнделікті тұтыну адам организміне үнемі пайда әкеле бермейді. Мәселен, көкеністің бұл түрін асқазаны ауыратын жандарға жеуге болмайды деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Диетолог-дәрігер Елена Соломатинаның айтуынша, томатта қышқыл көп мөлшерде болғандықтан, асқазанында жарасы, гастриті бар адамдар, сондай-ақ бүйрегінде тасы барлар да бас тартқаны жөн.

"Одан бөлек, мен тіпті асқазан проблемасы жоқ адамдарға кетчуптың көп мөлшерін тұтынуды ұсынбаймын. Оған қант қосылады, ал тәтті біздің организміміз үшін пайдалы емес", - деді дәрігер.

Дегенмен дәрігер томаттың құрамында микро және макро элементтердің, сондай-ақ барлық ағзаға антиоксидантты әсер беретін ликопин барын атап өтті. Бұл элементтер қуықасты безіне оң әсерін тигізіп, онкологияның алдын алуға көмектеседі.

Диетологтың сөзінше, балғын қызанақтарға қарағанда, термиялық өңдеуден өткен қызанақ пайдалы. Сол себепті, оны жемес бұрын, жай отта бұқтырып алған жөн.

Еске сала кетсек, бұған дейін де Елена Соломатина көпшілікке кеңес беріп, "сельд под шубой" салатын кімге жеуге болмайтынын айтқан.

Диетологтың сөзінше, бұл салат гликемиялық индексі жоғары адамдарға зиян.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838665-synbajmyn-dietolog-driger-kyzanakty-kimderge-zeuge-bolmajtynyn-ajtyp-berdi/

pixel