Air Astana Үрімші мен Бейжіңге рейстерді тоқтатады
Жарияланған күні:
Air Astana әуе компаниясы Үрімші мен Бейжіңге рейстерді тоқтатады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайында әуе тасымалдаушысының Instagram желісіндегі ресми парақшасында белгілі болды.
"Air Astana Үрімші мен Бейжіңге рейстерді тоқтатады. 3 ақпаннан бастап Air Astana Бейжің мен Үрімшіге рейстерді тоқтатады. Сонымен бірге, бұрын Қытайға ұшқан жолаушыларды қайтару үшін Үрімші мен Бейжіңнен соңғы рейстер 3 ақпанда орындалады. Air Astana Алматыдан Гонконгқа рейстерді өзгеріссіз орындайды",- делінген хабарламада.
Жолаушылар билеттерді қайтару немесе ұшу күнiн ауыстыру үшін сатып алған орындарға хабарласа алады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта министрлік Қытайдан келген азаматтардың барлығын бақылауда ұстап отыр. Олармен байланыс орнатылып, денсаулық жағдайы, әсіресе, дене қызуы анықталуда. Сондай-ақ, мамандар елге ұшып келгендерді тепловизормен тексеріп жатыр.
Тексеріс жұмыстарынан соң коронавирустық инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілініп, 54 адам ауруханаға жатқызылған.
Бүгінде олардың 38-і инфекциялық стационарларда қалып отыр. Науқастарға қатысты бақылау күшейтілген. Ал қалған азаматтар коронавирус расталмағандықтан, ауруханадан шығарылды.
Бақылауға алынған барлық азаматтардың биоматериалдары Алматыға жіберілді. Қазір оларды қос орталық- ерекше қаупі бар инфекциялар ұлттық орталығы және биотехнология орталығы зерттеп жатыр.
Дәл сонда медицина қызметкерлері ДДСҰ әдісі бойынша коронавирусты анықтайды.
Әзірге сараптама қорытындылары дайын емес. Олар шыққан соң бақылаудағы азаматтарға қандай ем қолданылатыны белгілі болады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838697-air-astana-rimsi-men-bejzige-rejsterdi-toktatady/