Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда жиналысқа келген шенеуніктер үстел басында жаттығу жасады (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде жиналысқа келген өзбекстандық шенеуніктердің үстел басында жаттығу жасаған видеосы тарап кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: neva.today
Көрнекі фото: neva.today: Getty Images

Бейнероликтен жиынға қатысушылардың жаттығуы жоспарланғанын байқауға болады. Себебі, оларға қимылды спорттық киім киген азамат көрсетіп тұрған.

Айта кету керек, екі жыл бұрын Ташкент билігі жаппай таңертеңгілік жаттығу жасау бойынша акция ұйымдастырған еді. Сол уақытта Ташкент әкімдігі мен елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасы министрліктер мен ведомстволардың, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың тәжірибесіне тең дәрежеде "Спорт және денсаулық" күнін енгізуді тапсырған болатын.

Іс-шаралар шеңберінде барлық қызметкерлерді олардың мүдделері мен жасын ескере отырып, қажетті спорттық құрал-сайманмен қамтамасыз ету жоспарланған.

Айта кетейік, Youtube желісінде қытайлық компаниялардың біріндегі жылдық жұмысты қорытындылау шарасынан видео тарады. Бейнероликте жоспарды орындамаған орташа бөлім басшыларының "масқара шеңберін" құрып, төрт аяқпен жүріп, "Түзелуге уәде беремін" деп айқайлап жатқанын көруге болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838789-zbekstanda-zinalyska-kelgen-seneunikter-stel-basynda-zattygu-zasady-video/

pixel