Эпидемия жайлаған Ухань қаласының дәрігерлері қалай жұмыс істеп жатыр
Жарияланған күні:
Танымал Imgur әлеуметтік платформасының қолданушысы эпидемия жайлаған Ухань қаласының дәрігерлері қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті. Медбикелер ұзын шаштарын қиып, бір-бірінен ажырату үшін қорғаныш костюмдеріне аттарын жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарияланған фотосуреттерге арулардың Қытайдағы медбикелер екендігі жазылыпты.
Кадрларда олардың коронавирусқа дайындығы көрсетілген. Қыздар ұзын шаштарын қиып, тіпті шет жақтарын қырып тастаған.
Медицина қызметкері болып еңбек ететінін айтқан пікір қалдырушының сөзінше, бұл қорғаныш бетперделері ауа жібермей, теріге дұрыс киілуі үшін қажет.
Басқа фотосуреттерде мамандардың қорғаныш костюмдеріне аттарын жазып жатқаны көрінеді.
Костюмнің бет-әлпетті жауып тастайтыны соншалықты, адамдарды бір-бірінен ажырату мүмкін емес.
Пікір білдірушілер коронавирустың отанына еш қорықпастан барған қыздардың батылдығына қайран қалды.
Оқырмандар ақ халаттыларға күш-жігер мен ауруды тезірек жеңулерін тілеген.
Astroboys2019 атымен тіркелген қолданушы ұйқытап жатқан дәрігерлердің фотосын жүктеген. Кадрларда шаршаған дәрігерлердің еден мен орындықтарда ұйықтап жатқаны көрінеді.
Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 213 адамға жетіп отыр.
Сондай-ақ, 44 жастағы қытайлық азаматша әлемді дүр сілкіндірген коронавирустың жаңа түрінен қалай емделіп шыққанын айтып берген еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838821-epidemia-zajlagan-uhan-kalasyny-drigerleri-kalaj-zmys-istep-zatyr-foto/