Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тынышталуды өтінемін": Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты үндеу жасады

Жарияланған күні:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚХР аумағында тараған коронавирусқа байланысты қазақстандықтарды дүрлікпеуге, тынышталуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Елжан Біртанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Елжан Біртанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC
"Коронавирус күдігімен түскен барлық пациент тез арада тексеріледі. Бес-алты сағат ішінде диагнозын анықтаймыз. Қазір, Құдайға шүкір, ешкімде расталған жоқ. Сондықтан мен азаматтардан тынышталуды өтінемін", - деді Біртанов үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, Қытайдан келу толық тексерістен өтуге негіз емес.

"Кейбір адамдар "тексеріліп, тынышталғым келеді" деп дүрлігіп жатыр. Қаралуға болады, бірақ еш қажеттілік жоқ. Тексерілу үшін аурудың белгілері байқалуы тиіс. Бұл арзан анализ емес, кім көрінгенге анализ жасай беруге де қажеттілік көріп отырған жоқпыз. Тесті (коронавирусты анықтайтын - ред.) енді ғана жасап шығардық, оң нәтижесін беріп жатыр. Қазір санын арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Біртанов осындай тестің Қытайдан үшінші партиясы келетінін жеткізді. Осыдан кейін пациенттер қайта тексеріледі.

Министрдің сөзінше, қазір соңғы деректерге сәйкес, 33 адам стационарда жатыр. Ешкімнен коронавирус күдігі расталмаған.

Сондай-ақ, Біртанов елордадағы ауруханаларда карантинде жатқан қазақстандық студенттердің жағдайы жақсы екенін атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, кеше студенттердің барлық жеке заттары мен ұялы телефондары санитарлық өңдеуден өткізілген. Олардың бәріне арнайы лабораториялық тексеріс жүргізіліп, ешбірінен қауіпті вирус анықталмаған.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 20438-ке, көз жұмғандар саны 425-ке жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839305-tynystaludy-tinemin-elzan-birtanov-koronaviruska-katysty-ndeu-zasady/