Қызылордада ерлі-зайыптылар балаларын түнде тас жолда ұмытып кеткен
Опубликовано:
Ресейлік жанұяның Тәжікстанға жасаған сапары қайғылы жағдаймен аяқталуға сәл қалды. Себебі, Қызылорда тас жолында ерлі-зайыптылар байқаусызда 9 жастағы ұлын үмытып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1 ақпан күні түнгі сағат 23:00-ден кеткенде Қызылорда облысындағы тас жолдан бір бала табылды.
9 жастағы мектеп оқушысын тәртіп сақшылары байқап қалған.
Бұл туралы мәліметті Polisia.kz ресми құқық қорғау ресурсы таратты.
Баламен сөйлесу барысында тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасымен бірге жолға шыққанын анықтады.
9 жастағы мектеп оқушысының айтуынша, ол көлікте ұйықтап, бір жерге тоқтағанда ғана оянған.
Көлікте ешкім жоқ екенін көрген бала дәретханаға баруды жөн көріпті.
Осы уақытта ерлі-зайыптылар жеке транспортарына қайта отырып, әрі қарай аттана берген. Ал ұлдары ата-анасының артынан айқайлап қала берді.
Олар ұлы көліктің артында ұйықтап отыр деп ойлапты.
Ерлі-зайыптылар ұлдарының жоғалғаны туралы көлігін полиция тоқтатқан уақытта ғана білген.
Сондай-ақ, бұл жанұяның Ресейден екендігі және Тәжікстанға бара жатқаны белгілі болды.
Тәртіп сақшылары жолда қалған баланың және ерлі-зайыптылардың туыстық қатынастарын растайтын құжаттарды тексерді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839443-kyzylordada-erli-zajyptylar-balalaryn-tnde-tas-zolda-mytyp-ketken/