Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген полицей темір торға қамалды
Опубликовано:
Қостанай қаласында мас күйінде көлік жүргізген тәртіп сақшысы қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна дерегінше, арақ ішіп алып, "Аристо" көлігін айдаған аға-лейтенантты әріптестері рейдтік шара кезінде ұстаған.
Тексеру барысында тәртіп сақшысының еңбек демалысында жүргені анықталды.
Сот шешімімен полиция қызметкері 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылып, 15 тәулікке темір торға тоғытылған.
Одан бөлек, тәртіптік кеңестің шешімімен аға-лейтенат қызметінен қуылды.
Осы іске байланысты Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Кенже Қонысбай пікір білдірді.
"Осы жедел алдын-алу іс шарасы аясында айтқым келеді ешкімге, ешкімнің де лауазымына дәрежесіне қарамастан ішімдік ішіп рөлге отырған адамды біз заң жүзінде жазаға тартатын боламыз. Бұл жедел алдын-алу іс шарасы Қостанай облысында ішімдік ішудің деңгейі азайғанға дейін жалғасатын болады", - деді ол.
Еске сала кетсек, ақпан айынан өңірде "Мас жүргізуші-қылмыскер" атты рейд басталды. Жедел алдын-алу шарасы алты айға созылмақ.
Қостанай облысында бір айда 25 көлік жүргузші куәлігінен айрылып, уақытша қамауға алынған.
З. Санай
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839455-kostanajda-mas-kjinde-klik-zrgizgen-policej-temir-torga-kamaldy/