Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 13 жастағы туған қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Бүгін Ақтөбеде туған қызын зорлады деп айыпталған ер адамға сот үкім шығарды. Ол 19 жылға бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ө қызыг
Фото: Ақтөбе облысы Полиция департаменті: Twitter
"Сот оны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесіне 19 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сотталушыдан моральді өтемақы ретінде 5 миллион теңге талап етілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді Ақтөбенің қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты.

Сондай-ақ үкім жайында құқық қорғаушы Дина Таңсәрі "Не молчи" қорының Facebook парақшасында да жазған.

Белсендінің айтуынша, желіде зорлау туралы хабар тарағаннан кейін қыздың отбасына тегін, мектебін және тұратын жерін ауыстыруына тура келген. Мұның бәрі баланың анасының иығына артылған.

Дина істі соңына дейін жеткізіп, кінәліні жазаға тартқан анасының батылдығына қайран қалды. Ол судьяларға бірауыздан шешім шығарғандары үшін алғыс білдірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде 36 жастағы ер адам 13 жастағы өзінің туған қызын зорлағаны хабарланған. Кәмелет жасына толмаған қыз қорыққанынан әкесінен көрген сұмдық жайлы тіс жармапты.

Кейінірек азғынға халықаралық іздеу жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839779-aktbede-13-zastagy-tugan-kyzyn-zorlagan-er-adamga-sot-kimi-sykty/

pixel