Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынаспен аптасына қанша рет айналысу керек

Опубликовано:

Сексолог-дәрігер Евгений Кульгавчук жыныстық қатынастың қанша мөлшері адамның денсаулығы үшін қалыпты болып саналатыны туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Дәрігер жыныстық қатынаспен аптасына қанша рет айналысу керек екенін айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Дәрігер бұл туралы "Sputnik" радиосының эфирінде айтты.

Маманның пікірінше, көптеген адамдарға организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін аптасына 2-3 рет төсек қатынасымен айналысу керек.

Адамдардың бір бөлігі үшін бұл сан өзгеше болып келуі мүмкін. Дәрігердің ойынша, ең бастысы жыныстық қатынас адамның темпераментіне сәйкес болуы маңызды.

Мәселен, төсек ләззатын аңсай бермейтін адам аптасына 2-3 рет жыныстық қатынаспен айналысатын болса, ол үшін бұл процесс жағымсыз болып кетуі әбден ықтимал.

Ал егер, ол керісінше, жыныстық қатынасқа тояттай алмай жүрсе, оған міндетті түрде қалауын іске асыру керек.

Адам өз нормасын орындамаса, өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайы төмендеуі мүмкін.

Бұдан бөлек, маман маңызды іс-шаралардың алдында жыныстық қатысқа түсуге кеңес бермейді. Себебі одан кейін ағза демалады. Бұл адамға жақсы нәтижелерге қол жеткізуге кедергі келтіреді.

Естеріңізге сала кетейік, тұрмыстағы келіншек төсек қатынасына түсуге ерінетін күйеуіне шағымданды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839902-zynystyk-katynaspen-aptasyna-kansa-ret-ajnalysu-kerek/

pixel