Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты баскетболшы Брайантпен қоштасу рәсімі қашан өтеніні белгілі болды

Опубликовано:

Тікұшақ апатында қайтыс болған АҚШ құрамасы мен "Лейкерс" клубының атақты баскетболшысы Коби Брайантпен қоштасу рәсімі туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/cristiano, leomessi
Фото: Instagram/cristiano, leomessi: Instagram
Шетел басылымдарының мәліметінше, Коби Брайантпен қоштасу рәсімі 24 ақпан күні "Лейкерс" аренасында өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні баскетбол спортының жұлдызы Коби Брайанттың тікұшақ апатында қызы Джанна Мариямен бірге қаза болды.

Кейінерек БАҚ беттерінде әуе апатынан тоғыз адамның көз жұмғаны жайлы ақпарат шықты.

Футболшы Неймар "ПСЖ" командасының "Лилль" клубына қарсы ойында 52 минутта қарсылас ұжым қақпашысынан айласын асырып, голын марқұм Коби Брайантқа арнаған. Бразилия құрамасының шабуылшысы баскетболшының реттік нөмірін көрсеткен. Белгілі болғандай, "Псж" шабуылшысы аңыз спортшының қаза туралы матчтың үзілісінде естіген.

26 қаңтар күні кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин де мақұмның отбасына көңіл айтты. Одан бөлек, әлеуметтік желіде аңыз баскетболшы туралы Лионель Месси, Криштиану Роналду, Роналдиньо, Хави сынды әлем жұлдыздары жантебірентерлік жазба арнады.

Коби Брайанттың артында Ванесса есімді жары мен Наталья, Бьянка және Капри атты үш қызы қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839908-atakty-basketbolsy-brajantpen-kostasu-rsimi-kasan-tenini-belgili-boldy/

pixel