Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Үндістанда Қазақстан азаматшасы ұсталды

Опубликовано:

Үндістанның Пенджаб штатында полиция қызметкерлері рейд кезінде болжам бойынша интимді қызмет көрсеткен қонақ үй қызметкерлерін тұтқындады. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, олардың арасында Қазақстан азаматшасы да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қазақсьаг
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мұндай ақпарат The Times of India басылымының сайтында пайда болған.

Полиция рейд жүргізіп, нәтижесінде жергілікті қонақ үйлердің бірінен 28 қызметкерді ұстаған. Қамауға алынғандардың 15-і әйел.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, олардың бірі Қазақстан азаматы.

Қазір ұсталғандардың барлығы қамауда отыр.

Басылымның ақпаратына сәйкес, елде міндетті болса да, қонақ үй қызметкерлері қонақтар тізімін жүргізбеген және олардан құжаттарды талап етпеген. Одан бөлек, қонақ үй келушілеріне интимді қызмет көрсетілген деген де күдік бар.

NUR.KZ редакциясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа ақпарат алу үшін жүгінді. Ол жарияланған деректерді Қазақстанның Үндістандағы елшілігі тексеретінін хабарлады.

Басқа нақты ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты атышулы іс аяқталды. Жас жігіт 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839944-bak-ndistanda-kazakstan-azamatsasy-staldy/

pixel