Оңтүстік Кореяда бүлдіршінді қағып кеткен қазақстандық 2,5 жылға сотталды
Жарияланған күні:
Сот Оңтүстік Кореяда баланы қағып, отанына қашып кеткен Қазақстан азаматына қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BaigeNews.kz басылымына сілтеме жасап.
Чанвон Кан Се Бин округінің қылмыстық істер бөлімінің Бас судьясының үкіміне сәйкес, 10 қаңтар күні 21 жастағы азамат А. адам қағып кеткені және лицензиясыз көлік басқарғаны үшін екі жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура заңсыз көшіп-қонушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда судья айыпталушының өз іс-әрекеті үшін өкінгенін және кешірім сұрау үшін Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға өз еркімен келгенін ескерді. Десе де соған қарамастан ер адам жазадан құтылып кете алмады.
"А. мырза жасаған оқыс оқиғаның салдарынан баланың танымдық және сөйлеу қабілеті нашарлады. Ол емделіп, одан әрі оңалуы керек. Алайда бұл отбасының қаржылық жағдайын одан сайын қиындата түседі. Материалдық залал өтелген жоқ. Сол себепті үкім өзгертілмейді", - деді Кан судья.
Сонымен қатар, судья баланың рұқсат етілмеген, яғни, бағдаршам мен жаяу жүргіншілерге арналған өткел жоқ жерде жолды кесіп өткенін де атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 20 жастағы қазақстандықтың Оңтүстік Кореядағы Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жастағы баланы көлікпен қағып кеткенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835507-otstik-koreada-bldirsindi-kagyp-ketken-kazakstandykka-katysty-kim-sygaryldy/