Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қордайдағы ахуал жайлы: Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды

Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

"Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды.

Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды.

Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды.

Осыған орай, мен үкімет комиссиясын құруды тапсырдым. Оған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді.

Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды.

Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады.

Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады.

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады.

Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім.

Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 7 ақпанда, Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктің орын алғаны жайлы кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға пікір білдіріп, Жамбыл облысының Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес орын алғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, құзырлы орган полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылғанын, жағдай бақылауда екенін хабардар етті.

Кейін мемлекет басшысы Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840033-tokaev-kordajdagy-okiga-zajly-kiniske-karaj-bl-okiga-kezinde-adam-sygyny-boldy/