Мырзахметов Қордай ауданында төтенше жағдай режимін жариялады
Опубликовано:
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылында болған жантүршігерлік жағдайдан кейін өңір басшысы Асқар Мырзахметов ауданда төтенше жағдай режимін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына және "Азаматтық қорғаныс туралы" заңға сәйкес құжатқа Жамбыл облысының әкімі қол қойды.
Мырзахметовтің өкімімен, 2020 жылдың 8 ақпаны сағат 21:00-ден бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.
Төтенше жағдайды жою жетекшісі болып облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков тағайындалады. Сондай-ақ тиісті шара қолдану тапсырылды.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.
Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.
Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылып, олар бүгін Қордай ауданына барды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840090-myrzahmetov-kordaj-audanynda-ttense-zagdaj-rezimin-zarialady/