Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордай ауданындағы оқиға туралы министрдің орынбасары айтып берді (видео)

Опубликовано:

Бүгін, 9 ақпанда Қазақстан астанасында Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтіп, ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди сөз сөйледі. Ол 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғалардың хронологиясымен таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қордай ауданындағы оқиға туралы министрдің орынбасары айтып берді (видео)
Фото: primeminister.kz: UGC
"Шамамен сағат 19.00-де Масанчи ауылының маңында жергілікті тұрғындар арасында бұзақылық ниетпен 70-ке жуық адам қатысқан топтық төбелес орын алды.

Оқиға орнына Қордай полиция бөлімінің қызметкерлері келіп жеткен уақытта арандатушылар, куәгерлер оқиғаны бейнеге түсіріп, әр түрлі пікірлермен оны әлеуметтік желілерге таратқан.

Бұл қақтығыстың ушығуына және оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын тартуға себеп болды", - деді Калайчиди.

Естеріңізге сала кетейік, жергілікті тұрғындар арасындағы жанжал Жамбыл облысының бірнеше ауылдарындағы жаппай төбелеске және тәртіпсіздікке әкеп соқты. Осыған байланысты аймақта төтенше жағдай режимі енгізілді.

Оқиға салдарынан 10 адам қаза тауып, 40 адам зардап шекті, дәрігерлер көмегіне кем дегенде 130 адам жүгінген.

Оқиға орнында елдің вице-премьері басқаратын Үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Сапарбаев қақтығыстар болған көшелердегі қауіпсіздікті жеке өзі тексерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840100-kordaj-audanyndagy-okiga-turaly-ministrdi-orynbasary-ajtyp-berdi-video/

pixel