Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Қордайдағы үлкен жанжал неден басталғанын баяндады

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы жаппай төбелестің неден басталғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

оооооооо
Фото: sputniknews.kz: Facebook
"Бәріне 5 ақпанда екі ауылдың тұрғындары арасында туындаған кикілжің себеп болған.

Ол күні Масанчиде үш адам мінген көлік жолмен келе жатқан, тағы үшеуі жүк көлігімен ауладан шығып жатса керек. Сөйтіп, біреуі екіншісіне жол бермей, жанжал туындаған.

Әдеттегідей, сөзден басталған кикілжің төбелеске ұласып кеткен", - деді Калайчиди журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, сол күні полиция келіп, кінәлі адамдарды анықтапты. Нәтижесінде біреуі қамалып, екеуінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

Жанжалға қатысқандардың ішінде жасы үлкен ер адам да болыпты. Оның сан сүйегі сынған. Артынша дәл осы кикілжіңнің видеосы маңайдағы ауыл тұрғындары арасында тарап кеткен. Видеоны таратқандардың пікірі де тым қатты болған көрінеді.

"Ол жақта әрбір ауылдың өз чаттары бар. Видео сол чаттарда таралып кеткен ғой. Егде жастағы адамның соққыға жығылғаны, сосын арандатушылардың теріс пікірлері бар.

Осының бәрі екі күн бойы чаттарда жинала берген, жинала берген. Ал чаттарда қызуқанды жастар көп қой. Ауылдар да бір-біріне жақын орналасқан.

Сөйтіп, жұма күні кешке қарай бәрі жұмыстан келгесін жиналып, Масанчиге шығып кеткен", - деп атап көрсетті Калайчиди өз сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840112-iim-kordajdagy-lken-zanzal-neden-bastalganyn-baandady/

pixel