Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Элизабет Тұрсынбаева әлемдік мәнерлеп сырғанаушылардың үздік ондығына енді

Опубликовано:

Танымал қазақстандық спортшы қыз Элизабет Тұрсынбаева әлемдік мәнерлеп сырғанаушылардың үздік ондығына кірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Depositphotos

Жерлесіміз бұл рейтингте 3108 ұпаймен оныншы орынға тұрақтады деп жазады Sports.kz.

Әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушы болып жапониялық Рика Кихира танылды. Спортшы 4708 ұпай жинап, Ресей Федерациясының намысын қорғайтын Алина Загитованың алдын орап кетті.

Айта кету керек, әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушылардың ондығына тек 4 елдің өкілдері кірді. Олар Қазақстан, Ресей, Жапония және АҚШ спортшылары.

Үздік 10мәнерлеп сырғанаушылардың рейтингі төмендегідей:

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Элизабет Тұрсынбаева 2018/2019 мауысымының қорытындысы бойынша алтыншы орынға табан тіреген.

Еске сала кетсек, 2019 жылы Жапонияның Сайтама қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды.

Ол әлем чемпионатының тұғырына көтерілген тарихтағы алғашқы қазақ қызы болып табылады.

Спортшының жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында құттықтады.

"Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тарихта тұңғыш рет төрт айналымдық секіріс жасады. Жарайсың! Қазақ спорты жасай берсін", - деді Қазақстан президенті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840196-elizabet-trsynbaeva-lemdik-mnerlep-syrganausylardy-zdik-ondygyna-endi/

pixel