Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайда жараланған полиция бастығының орынбасары мән-жайды айтып берді

Опубликовано:

Өткен аптаның соңында Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік болды. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 40- тан аса азамат түрлі жарақат алды. Зардап шеккендер қатарында тәртіп сақшылары да бар болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Жүнісбеков. Фото: time.kz/Михаил Козачков
Серік Жүнісбеков. Фото: time.kz/Михаил Козачков: UGC

Елордадағы брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди тәртіпсіздік кезінде полицияның бес қызметкері жарақат алғанын мәлімдеді.

Кейіннен саясаткер Ербол Еділов зардап шеккен полицейлер қатарында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болғанын хабарлаған. Алайда ақпарат ресми түрде расталмаған еді.

Енді өңірлік полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Жүнісбеков оқиға ортасында болып, қоғамдық тәртіпті түзету кезінде көзінен жарақат алғаны анықталды. Қазір ол ауруханада жатыр.

Жүнісбеков сол түні болған жағдайды "Время" басылымына айтып берді.

Полицейдің сөзінше, оған Алматы облысының екі аудандық ішкі істер басқармасының жеке құрамымен жаппай тәртіпсіздік болып жатқан Жамбыл облысына күшейту есебінде аттану жайлы бұйрық келіп түскен.

Алматылық полицейлер оқиға орнына жеткенде, жергілікті тәртіп сақшылары Сортөбе мен Масанчи ауылындағы жағдайды түзетіп үлгерген. Сондықтан, көрші облыстан келген әріптестер жанжал жайлаған төрт ауданның үшіншісі Бұлар Батырға аттанады.

Бұлар Батырға жеткен Жүнісбеков басқа полицейлермен бірге жергілікті құқық қорғаушылар жұмыс істеп жатқан жанжалдың эпицентріне барады. Топты Жүнісбеков басқарғандықтан, колоннаның алдында өзі жүреді.

Полицейлер тәртіпсіздіктің ортасына келе жатқанда, оларға белгісіз біреулер оқ ата бастаған. Осы мезетте облыстық полиция бастығының орынбасары сол көзінен жарақат алып, қан кете бастайды.

Подполковник алдымен аудандық ауруханаға жеткізіледі. Жергілікті хирургтар қанға инфекция түспеу үшін және қабыну пайда болмау үшін көзден бытыраны алып шығады. Одан кейін Жүнісбеков оңтүстік астанаға жіберіледі. Ал Алматыда оған ота жасалып, көзде қалған оқ-дәрі бөлшектерін алып тасталады.

Қазір ақ халаттылар подполковниктің көз жанары толығымен қалыпқа келетініне және оның жұмысқа оралатынына сенімді.

Полиция бастығының орынбасары ведомствоаралық комиссия мүшесі болмағандықтан, қорытынды шығарып, болжамдар ұсына алмайды.

Ол тек өзі мен басқа полицейлер алдына қойған міндетті орындағанын айтты.

Материалды көшіріп басу және пайдалану тек "Издательство" Время" ЖШС рұқсатымен жүзеге асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840379-kordajda-zardap-sekken-policia-bastygyny-orynbasary-kz-zarakatyn-kalaj-alganyn-ajtty/

pixel