ІІМ Қордайдағы жанжалдан соң қанша адам қамалғанын жария етуден бас тартты
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша қанша адамның қамауда отырғанын жария етуден бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"Бірқатар күдікті ұсталғанын растаймын. Қазір Жамбыл облысы сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураның бақылауында", – деді ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов үкімет кулуарында.
Ол қылмыстық кодекстің 201 бабына сәйкес, алдын ала тергеудің мәліметтерін жария ете алмайтынын жеткізді. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша хабарлауға уәде берді.
"Қазіргі таңда Жамбыл облысы полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері 25-тен аса қылмыстық іс қозғады. Олар – жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу, оған үндеу, алтыдан астам қылмыстық іс – бұзақылық, үшеуі – бөтен мүлікті зақымдау, оны – адам өлтіру, екеуі – адам өміріне қастандық жасау фактілері бойынша қозғалған", – деп толықтырды тергеу департаментінің бастығы.
Оның айтуынша, қазір ведомствоаралық жедел тергеу тобы, бас прокуратура, ішкі істер министрлігі, басқа да құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Бердібек Сапарбаев 7 ақпан күні Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздіктен кейін 25 қылмыстық із қозғалғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ ол Қордайда полицейлер мен ақсақалдың ұлдарын ұрған азаматтар ұсталғанын жеткізді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840419-iim-kordajdagy-zanzaldan-so-kansa-adam-kamalganyn-zaria-etuden-bas-tartty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.