Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік ішінен 26 млн теңгенің ұрланғанын полиция растады

Опубликовано:

Алматы полициясы департаменті алматылық тұрғынның автокөлігінен 26 миллион теңге салынған сөмкенің ұрлағаны туралы хабарламасына түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда көлік ішінен 26 млн теңге ұрланғанын полиция растады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Департаменттің баспасөз қызметінде аталған қылмысты жасады деген күдікке ілінген азамат Б.-ның құрықталғанын, қазір қамауға алыны хабарланды.

Екінші қылмыскер іздестірілуде.

"Қазіргі уақытта аталған фактіні Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлімі бойынша тергеуде.
Жедел - тергеу тобы құрылды, ол қылмыстың екінші қатысушысын ұстауға және заттай айғақтарды алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізеді", - деп хабарланды полицияда.

Естеріңізге сала кетейік, Алматылық тұрғын бірнеше минутқа тұрақта қалып кеткен көлігінен 26 миллион теңгенің жоғалғанын хабарлағанын жазған едік.

Жәбірленуші өткен жылдың 15 қараша күні жекеменшік мектепке ұлын әкету үшін келген. Көлігін мектеп тұрағына қойып, бірнеше минуқа ішке кіріпті. Ал ақша салынған сөмке көлікте қалып қойған.

Кейінірек анықталғандай ер азаматтың соңынан біреулер аңдып келген. Олар сканерлеу арқылы көлікті ашып, ішінен бір сөмке ақшаны алып шыққан.

Алматылықтың сөзінше, ол күдіктілердің бірін ұстау операциясына өзі қатысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840521-almatyda-klik-isinen-26-mln-tegeni-rlanganyn-policia-rastady/

pixel