Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте алғашқы қызғалдақтар бүр жара бастады (фото)

Опубликовано:

Қазақстанның басқа қалаларында термометр бағаны нөлден төмен болса, Шымкентте ауа температурасы нөлден жоғары. Қалада тіпті, алғашқы қызғалдақтар бүр жара бастаған хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz: Instagram

Ақпан айында бүр жарған алғашқы қызғалдақтар Д.Қонаев даңғылының бойында байқалған.

Айта кетейік, биыл Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атануға лайықты көрініске ие болады.

Осы орайда қаланы көркейту бойынша мамандар ғана емес, сәулетшілер мен суретшілер жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта шаһарда голландиялық сұрыптағы қызыл, көк, алқызыл және күлгін түсті қызғалдақтар отырғызылған.

Мегаполистің көптеген тұрғыны енді әлемдегі ең әдемі бақтың бірі нидерландылық Кекенхофтан кем емес гүл саябағына куә болады.

Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz: Depositphotos

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 11 және 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Метеорологтардың мәліметінше алдағы үш тәулікте арктикалық суық фронттар Қазақстан арқылы өтеді.

Салдарынан қар жауып, боран мен солтүстік-батыс жел соғады. Оңтүстік облыстарда жауын – шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман және көктайғақ болады. Кей өңірлерде ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840549-symkentte-algasky-kyzgaldaktar-br-zara-bastady/

pixel