Жаңа коронавирусқа ресми атау берілді
Опубликовано:
Қытайда пайда болған коронавирустың жаңа түріне COVID-2019 деген ресми атау берілді. Бұл туралы брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
![Фото: Sputnik/ Мигель Кандела Фото: Sputnik/ Мигель Кандела](https://cdn.nur.kz/images/1120/85e2d933225087c5.jpeg)
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы арасында келісілген ережелер бойынша бізге георгарфиялық орналасуына, адамға немесе адамдар тобына, сондай-ақ жануарларға қатысты емес, айтылуы жеңіл және аурумен байланысты атау табу керек болды", – дейді Гебрейесус.
Оның айтуынша, CO – "коронавирус", VI — "вирус" және D – "ауру" дегенді білдіреді.
Толық атауы "Corona Virus Disease", ал 2019 – вирусты анықтаған жыл.
Еске сала кетсек, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды.
Соңғы деректерге сәйкес, қатерлі вирустан көз жұмғандардың саны мыңнан асты. Ал 42,5 мыңнан астам адам қауіпті вирусты жұқтырып алған.
Сондай-ақ кеше еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы 217 Қазақстан азаматының Қытайдан эвакуацияланғанын мәлім етті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840566-koronaviruska-resmi-atau-berildi/