Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сара Назарбаева бүгін 79 жасқа толды

Жарияланған күні:

Бүгін, 12 ақпан - ел дамуына үлес қосқан, бірнеше онжылдық бойы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын қолдап жүрген Сара Назарбаеваның туған күні. Биыл тұңғыш президенттің жары 79 жасқа толып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Елбасы сайты
Фото: Елбасы сайты: Facebook

Сара Алпысқызы 30 жыл бойы туған күнін елдің бірінші ханымы ретінде атап өткен еді.

21 жастағы Сара қарапайым жұмысшы болған Нұрсұлтан Назарбаевқа 1962 жылы тұрмысқа шыққан.

Елбасының өзі жарымен кездескен күнді махаббатпен еске алады.

"Сол жылдардағы ең есте қалатын күн болашақ жарым Сарамен кездескен күн еді... Кездесу апаттан кейін домна пешінің жанында болған...Үстімнің барлығы ыс, күйе, тек көзім мен тісім көрініп тұр. Сол түні шағын электр станциясына кезекшілікке түскен қыз біздің пеште не болып жатқанын тексеруге келді. Солай кездестік. Кейіннен бізге комсомол-жастар тойын жасап берді", - деді Назарбаев.

Тұңғыш президент сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Елбасының жұбайы 1992 жылы "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының негізін салып, басқарған. Бүгінде ол республикадағы ең белсенді қорлардың бірі және өз маңызын басқа мемлекеттерге де мойындатқан.

Қор құрылған жылдары мыңдаған жетім мен мүгедекке көмек көрсетілген. Ұйымда аналарды қолдауға да үлкен назар аударылған.

Фото: Елбасы сайты
Фото: Елбасы сайты: Facebook

1994 жылы Сара Алпысқызы "SOS- Қазақстанның балалар ауылы" қорын басқарса, 1999 жылы қайырымдылықпен айналысқан "Демография" қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы болды.

Елбасының жары қайырымдылық аясындағы қызметі үшін бірнеше рет марапатталған. Мәселен, Сара Назарбаева ДДСҰ сыйлығы, "Құрманджан Датқа" сыйлығы сынды халықаралық марапаттарға ие болып, "Алтын жүрек" және басқа да сыйлықтардың лауреаты атанған.

Айта кетейік, осыған дейін Әлия Назарбаева анасымен және әпкелерімен түскен мұрағаттағы суретті көрсеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840568-sara-nazarbaeva-bgin-79-zaska-toldy/