Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Момышұлы "Халық қаһарманы" ма: Батырдың келіні ащы шындықты айтты

Опубликовано:

Биыл даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл. Момышұлының көзі тірісінде алмаған атағы мен құрметі батыр қайтыс болған соң берілген еді. Жас ұрпақ оны қайсар батыр, халық қаһарманы деп біледі. Ал осы "Халық қаһарманы" атағына қатысты халық арасында басы ашылмаған әңгіме бар деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

Бауыржан Момышұлы. Фото: Әдебиет порталы. Зейнеп Ахметова. Видеодан кадр: 31 арна
Бауыржан Момышұлы. Фото: Әдебиет порталы. Зейнеп Ахметова. Видеодан кадр: 31 арна: Twitter

Оқулықтар мен энциклопедияларда Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы 1995 жылы берілді деп жазылған. Алайда батырдың келіні Зейнеп Ахметова үйімізге ол атақтың белгісі берілмеді деп отыр.

Алғашында көпшілікке Момышұлының ондай атағы жоқ деп түсіндіргісі келген Ахметова кейін дауласуды қойыпты. Себебі, "Халық қаһарманы" атағының берілгені туралы бірнеше жерде жазылған екен.

"Мысалы, Қасым Қайсенов қайтыс болғаннан кейін берілді. Сол кезде көзіміз көрді, отбасына тапсырылды. Тіпті, тапсырылмаған күннің өзінде де, атаға ондай атақ берілетін болса, ақпарат құралдарында айтылып-жазылуы керек еді ғой", - дейді Зейнеп Ахметова.

Даңқты қолбасшының келіні марапат берілсе, отбасына табысталуы керек еді деп есептейді. Ол батырдың шаңырағына бас-көз болып отырғанда, осы жағдайды анықтап алғысы келеді.

31 арна журналистері даңқты батырға "Халық қаһарманы" атағы 1995 жылы берілуі мүмкін деп, сол жылы жарық көрген мемлекеттік басылымдарды шолып шыққан екен. Алайда ресми деректерді мүлде кездестірмепті.

Жалпыға ортақ қолданыстағы Wikipedia-да Момышұлына бұл атақтың 1995 жылы берілгені жазылған. Ал Зейнеп Ахметова ешқандай атақ керек емес, тек шындық салтанат құрсын дейді.

"Атаның атағы онсыз да жеткілікті. Сонау Кеңес үкіметі кезінде-ақ атаны қазақ "халық қаһарманы" дейтін. Маған шындық керек. Неге кітапқа, энциклопедияға жазылады? Неге қазір оқулықтарға қоса бастады?", - дейді батырдың келіні.

Жуырда 75 жасқа толған Зейнеп Ахметова марапат мәселесі биыл, батырдың 110 жылдығында шешімін тапса деген ниетте.

Айта кетейік, сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы жайлы көпшілік біле бермейтін 13 дерек туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840602-bauyrzan-momysly-halyk-kaarmany-ma-batyrdy-kelini-asy-syndykty-ajtty/

pixel