Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысыр халқының саны 100 миллионға жеткенге алаңдаушылық танытты

Жарияланған күні:

Мысыр халқының саны 100 миллионға жетті. Алайда елдің саяси басшылығы мен экономистері бұл жетістік алаңдаушылық туғызатын жаңалық екенін айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Мысырда халық саны өскенмен, араб және Африка елдерінің көбі тұрғындарын баспана және лайықты жалақымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ көрінеді.

Елде тұрғын үймен бірге мектеп, аурухана мәселесі де өзекті.

Ал деректерге сүйенсек, Мысырда жыл сайын екі жарым миллион нәресте дүниеге келеді. Билік тіпті, туу дамуын тежеу үшін "екеу жеткілікті" деген науқан жүргізіп келеді екен.

"Біздің мемлекеттің алдында тұрған ең өткір мәселенің бірі - халық санының артуы. Оны өте қауіпті деп те айтуға болады. Себебі қандай да бір экономикалық жоспар құрылғанымен, халық санының өсуі, оған еш нәтиже бермейді", - дейді Мысыр ұлттық мобилизация және статистика орталық бюросының басшысы Хайрат Баракат.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қытайдағы халық саны 2019 жылдың соңында Гонконг, Макао, Тайвань сынды әкімшілік аудандарды есепке алмағанда 1,4 миллиардтан асқанын хабарлаған едік.

2019 жылы көрші елде 14,65 миллион сәби өмірге келген.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840783-te-kauipti-mysyr-biligi-halkyny-sany-100-millionga-zetkenge-kuanbaj-otyr/