Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы халық саны 1,4 миллиардтан асты

Опубликовано:

Қытайдағы халық саны 2019 жылдың соңында арнайы әкімшілік аудандарды есепке алмағанда 1,4 миллиардтан асты KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Getty Images / Vincent Isore/IP3
Фото: Getty Images / Vincent Isore/IP3: Facebook

ҚХР мемлекеттік статистика брюосының дерегінше, Гонконг, Макао, Тайвань секілді әкімшілік аудандарды есептемегенде Қытайдағы халық саны өткен жылдың соңына қарай 4,67 миллион адамға өскен. Яғни аспан асты еліндегі тұрғындар саны 1,4 миллиард адамнан асқан.

2019 жылы көрші елде 14,65 миллион сәби өмірге келген. Сондай-ақ 9,98 миллион адам қайтыс болған.

Қытайдағы ер адамдардың саны - 715,27 миллион, ал әйелдер саны - 684,78 миллион. Тұрғындардың жалпы саны 1 миллиард 400 миллион 50 мың адамға жеткен.

2018 жылмен салыстырғанда (897,29 млн) 16 мен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды тұрғындар саны 896,4 миллион адамға азайған.

Сондай-ақ бір жыл ішінде қала халқы 17,06 миллионға артып, жалпы 848,43 миллион адамды құраған. Ал ауылдағы тұрғындар саны 551,62 миллион адам болып отыр.

Еске сала кетсек, қай елдерде әйелдерге қарағанда ер адамдардың аз екенін жазған едік. Тізімге Латвия, Кюрасао, Украина сынды елдер кірген. Аталмыш мемлекеттің қыз-келіншектері өз жерлерінде ер азаматтар жетіспегендіктен шетелдік жігіттерге жиі тұрмысқа шығады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836566-kytajdagy-halyk-sany-14-milliardtan-asty/

pixel