Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТОП-5: Қазақстандағы жемқор министрліктер аталды

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жыл бойынша Қазақстандағы ең жемқор бес министрлікті атады. ТОП-5-те Ішкі істер министрлігі көшбастап тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы топ-5 жемқор министрліктер аталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бестікке Ішкі істер министрлігінен бөлек Қаржы министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ауыл шаруашылық министрлігі кірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет министрліктегі жемқорлыққа сараптама жүргізіп, мемлекеттік органдарда кім және не үшін пара алатынын анықтаған.

ІІМ-де тергеушілер, учаскелік және жол патрульдік полиция инспекторларының жиі пара алатыны белгілі болды. Олар сыйақы үшін азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпайды, жол жүрі ережесін бұзғандарға "көзін жұма" қарайды екен.

Төтенше жағдай қызметінде азаматтарға жұмысқа тұруға көмектескені, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғанын "байқамағаны" үшін пара алған.

Полицияда сотталғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Жамбыл облысы көш бастап тұр.

Қаржы министрлігінде бір жыл ішінде 49 тұлға пара алғаны үшін сотталған. Ең негативті көрсеткіштер мемлекеттік кірістер органында.

Қорғаныс министрлігінде бір жыл ішінде 28 тұлға сотталды. Олардың басым бөлігі - басшылар.

Қала мен аудандарда әскерге шақырылғандардан жиі пара алынған, ал бюджет сыйлық және іссапар, сондай-ақ мүлікті есептен шығару кезінде ұрланған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде 20 адам сотталған.

Ауылшаруашылығы министрлігінде 19 адам бас бостандығынан айрылған. Ведомстводағы пара көбінесе іссапарларды, жалған жұмысқа тұруды рәсімдеу кезінде алынған.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордадағы Байқоңыр ауданының басшысы пара алды деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840814-kazakstandagy-top-5-zemkor-ministrlikter-ataldy/

pixel