Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мастандым": 18 жасынан бері өзге ұлттың жігітімен тұрып келген ару мұңын шақты

Опубликовано:

Елордалық Айман білім алу үшін шетелге қоныс аударып, сол жерде әзірбайжан ұлтының жігітімен бас қосқанын айтты. Сыйлы отбасынан шыққан қыз 18 жасынан бері сүйіктісімен азаматтық некеде тұрып келе жатқанын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сезімге мастандым": 18 жасынан өзге ұлттың жігітімен тұрып келген ару мұңын шақты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Жасым 21-те. Осыдан бірнеше жыл бұрын, мектепті тәмамдағаннан кейін бірден Польша еліне арман қуып келдім. О баста ата-анам бұл шешіміме қарсы келді. Алайда мен ешкімнің сөзіне құлақ аспай, үйден алшақ болу үшін кеттім. Себебі отбасым жанымда болған кезде студенттік өмірдің нағыз дәмін тата алмайтын едім", - дейді ол.

Бойжеткеннің сөзінше, ол оқуыға түскен жылы Әлім есімді әзірбайжан ұлтының жігітімен танысып, көңіл жарастырған.

"Бірінші курста Әлімді кездестірдім. Шетелдегі барлық студенттер секілді біреумен достасар кезінде ұлтына мән бермейтінмін. О баста Әліммен де жай ғана дос болып жүрдік. Дегенмен көп ұзамай оған деген сезім пайда бола бастады. Ал ол мені алғаш көргеннен ұнатып қалғанын айтты.

Бір жыл қыз-жігіт болып араластық. Содан кейін Әлім маған бірге тұруға ұсыныс тастады. Сүйіктімінің ұсынысы менің отбасымдағы тәрбие мен ғұрыптарға сай емес еді. Ата-анам бұл туралы білсе, өмір бақи мені кешірмес деген ой келді.

Десе де, махаббатқа мастанған мен, сезімнің арбауында кеттім. Әлімнің айтқан әрбір сөзін құп көріп, оның үйіне көшіп бардым. Оған өзімді сыйладым", - деп ағынан жарылды ол.

Алайда биыл оқуын тәмамдап, еліне қайтуға қамданып жүрген ару ата-анасының бетіне қалай қарарын білмей, дал болып отыр.

"Енді биыл ата-анама, үйіме оралатын уақыт келді. Ал сүйіктімнің тұрмысқа шуға туралы ұсыныс айтатын түрі жоқ. Бұдан кейін ата-анамның бетіне қалай қарарымды білмеймін. Олар мені сабақтан бас алмайтын, болашақта көп үміт күттіретін қыз деп ойлайды. Менің төрт жыл бойы өзге ұлттың жігітімен ойнас болғанымды білсе, олардың жүрегі шыдамайтыны анық", - дейді Айман.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік басшының көңілдесі болып жүрген алматылық әйел сырын жайып салды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840833-mastandym-18-zasynan-beri-zge-ltty-zigitimen-tryp-kelgen-aru-myn-sakty/

pixel